Қазақстанның жеті бірдей қаласында экология нашарлайды
«Қазгидромет» ауа сапасы нашарлайтын қалаларды тізбектеп шықты

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 26 қыркүйекте, еліміздің жеті қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл құбылыс зиянды қоспалардың жерге жақын қабатта шоғырланып, ауада таралмауына әкелетін метеожағдайлардың үйлесуіне байланысты болып отыр.
«2025 жылдың 26 қыркүйегінде қолайсыз метеожағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Алматы қалаларында, сондай-ақ түнде Атырау мен Астанада күтіледі», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.
ҚМЖ деген не және олар несімен қауіпті?
Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – бұл:
- Тымық ауа,
- әлсіз жел,
- тұман,
- температуралық инверсия
Олар ауаның табиғи айналымына кедергі жасап, зиянды заттардың таралуын тежейді. Соның салдарынан қала ауасы уақытша ластанып, әсіресе тығыз құрылысы бар немесе өндірістік аймақтарда ауа сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.