Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа температурасы күрт төмендейді
«Қазгидромет» 26 қыркүйек, жұма күні ауа райы қандай болатынын болжады

Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, жел күшейіп, найзағай ойнайды. Соған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент, Түркістан қалаларында, Түркістан облысында шаңды дауыл, жел соғады, төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе, Қостанай қалаларында, Ақтөбе, Қостанай облыстарында ауа температурасы +12 +17 градусқа дейін күрт төмендейді.
Атырау қаласында, Атырау, Қарағанды, Жетісу облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтау, Тараз қалаларында, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, екпіні 15-20 м/с жел соғады, жоғары өрт қаупі сақталады.