24.09.2025, 11:50
Жаңалықтар
Сарыағашта әйелін ұрып тәрбиелеймін деген ер адам түрмеден бір-ақ шықты
Әйел адам полицияға шағымданды
Фото: istockphoto.com
Түркістан облысының Сарыағаш қаласында әйелін ұрып тәрбиелеймін деген ер адам түрмеден бір-ақ шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сарыағаш аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын өзінің заңды некедегі күйеуінен тұрмыстық зорлық-зомбылық көргені туралы арыз түсірді.
Сот шешімімен әкімшілік қамау
Тексеру нәтижесінде полицейлер ер адамның әрекетін дәлелдеді. Сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, әкімшілік қамауға алынды.
Жыл басынан бері 69 азамат қамауға алынған
Полиция мәліметінше, жыл басынан бері Сарыағаш ауданында 69 азамат тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік қамауға алынып, профилактикалық есепке алынған.
Полицияның үндеуі
Сарыағаш аудандық полициясы азаматтарға үндеу жасады:
- тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда міндетті түрде полицияға хабарласу керек;
- құқық қорғау органдары мұндай жағдайдың алдын алу үшін жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 12:22
Қазақстандықтар 17 қарашада интернетсіз және азық-түліксіз қалуы мүмкін бе: министрліктер жауап берді
13.11.2026, 14:26
Ақтауда машина жарылып, газ баллоны аспанға ұшып кетті
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
