$ 545.01  642.84  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда ер адам үйінің балконынан кіші дәретке отырамын басы дауға қалды (ВИДЕО)

Қазір ол адамды полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр

Алматыда ер адам үйінің балконынан кіші дәретке отырамын басы дауға қалды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Алматыда ер адам үйінің балконынан кіші дәретке отырамын басы дауға қалды, оны қазір полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде көпқабатты үйдің бірінің балконынан ер адамның кіші дәретін өтеп тұрған сәті түсірілген видео тарады.

Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиға орнын анықтап, тексеріс жүргізіп жатыр.

«Алматы қалалық Полиция департаменті мұндай әрекеттерді қоғамдық тәртіп пен мораль нормаларын өрескел бұзу деп бағалады.

Аталған құқықбұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, тексеріс нәтижесінде заң аясында шара қолданылады.

Полиция азаматтарды айналасындағыларды құрметтеуге және қоғамдық мінез-құлық ережелерін сақтауға шақырады. Мұндай әрекеттерге жол беруге болмайды, олар қоғамда орынды наразылық тудырады», – делінген Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Серіктес жаңалықтары