$ 542.67  638.89  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысының тұрғындары байлығын жасырып, мемлекеттен көмек алып отырған

Прокуратура мәлімдеме жасады

Түркістан облысының тұрғындары байлығын жасырып, мемлекеттен көмек алып отырған
Фото: istockphoto.com

Түркістан облысының тұрғындары мүліктері мен табысы бар отбасы мүшелерін жасырып, атаулы әлеуметтік көмек алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратура органдары атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу үшін азаматтардың өздерінің нақты табыстарын және жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің санын жасырған фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, Сарыағаш (11), Келес (6) және Мақтаарал (2) аудандарының тұрғындары табыстарын жасырғаны үшін мемлекет қаржысынан 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген.

Сонымен қатар, Келес ауданындағы 13 тұрғын өтініш беру кезінде отбасымен бірге тұратын мүшелерін әдейі жасырған, осылайша жиынтық табысты төмендетіп, кедейшілік шегінен аспауға тырысқан.

«Нәтижесінде олар 2,2 млн теңгені заңсыз алған. Аталған факт бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары