$ 542.67  638.89  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Келіншегім біледі»: Сәкен Бибосынов пен Ләйлә Сұлтанқызы 550 теңгелік самса жеуге барды (ВИДЕО)

Осы жолдан өткен сайын самса жеп кетеміз, дейді Сәкен

«Келіншегім біледі»: Сәкен Бибосынов пен Ләйлә Сұлтанқызы 550 теңгелік самса жеуге барды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Журналист Ләйлә Сұлтанқызы Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жол бойындағы асханадан самса алуға тоқтап, боксшы Сәкен Бибосыновты кездестіріп қалғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«550 теңге тұрады екен. Мақтааралда самса алып жатсам, Сәкен отыр», - дейді ол видеода.

Журналист боксшының қасына жайғасып, әңгімеге тартқан.

«Шымкент тамағы жағынан, басқа жағынан да алда ғой. Осы жолдан өткен сайын самса жеп кетеміз», - дейді Сәкен.

Ол қарапайым отбасынан шыққанын, қыз бала болмағандықтан үйдің тірліктерін өзі істегенін айтып берді.

«Үйде үш ұлмыз. Ыдыс жуу, анама көмектесу, үй тазалау менің мойнымда болды», - дейді боксшы.

Ләйлә Сұлтанқызы әңгіме арасында одан чемпиондар қалай тамақтанатынын сұрады.

«Ақуыз көп жеп, көмірсуды азайту керек. Кейде мән бермей, салмақ қосып аламыз. Сағат кешкі 6-дан кейін тамақ ішпеу керек. Сағат 10-да тойып алсаң, тамағың қорытылмай, салмақ қосыла береді. Не тамақ дайындау керек екенін келіншегім біледі. Уақытында дайындап отырады. Жарысқа 1-1,5 ай қалғанда тамақты дұрыстаймыз. Салмақ түсіру керек болады», - деп түйіндеді Сәкен Бибосынов.

Серіктес жаңалықтары