Қызылордада автобус паркі жол апатынан мүгедек болған баланың жанұясына ай сайын өтемақы төлейтін болды
Қызылордада сот әйел адамның талабын қанағаттандырды

Қызылордада автобус қаққан бозбаланың жағдайы бойынша іс сотта қаралды. Сол апатта кәмелетке толмаған ұл бала ауыр жарақат алып, оған ІІ топтағы мүгедек болып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірлік сотқа сілтеме жасап.
Әйел адам балалары кәмелет жасына толғанға дейін оларды асырауға ай сайынғы төлем тағайындауды сұрап, сотқа жүгінген.
«Істі зерттеп, тараптарды тыңдағаннан кейін сот «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-інен әрбір кәмелетке толмаған балаға ай сайын 15 АЕК мөлшерінде төлем өндіру туралы шешім қабылдады», – делінген сот хабарламасында.
Бұған дейін талапкерге материалдық залал мен моральдық зиян өтемақысы, сондай-ақ сақтандыру төлемдері берілген болатын. Алайда сот балаларды тұрақты қолдауға қатысты талапты орынды деп таныды.
Енді автобус паркі әр балаға ай сайын 58 980 теңге төлеп отыратын болды.