Алматыда такси жүргізушісі бойжеткен қызды зорлап кетті деген күдікке ілінді
Алматы қаласының Полиция департаменті оқиғаның болғанын растады

Алматыда жас қызға зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен ер адам ұсталды. Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, ол такси жүргізушісі болып жұмыс істеген және бұған дейін де қызға көңілін білдірмек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазнетте Алматыда 18 жастағы қыздың зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы ақпарат тарады. Туыстарының айтуынша, кешке ол хабарласпай қалған, ал кейінірек бейтаныс такси жүргізушісінің өзін зорлағанын айтқан.
Алматы қаласының Полиция департаменті оқиғаның болғанын растады.
«Жәбірленушінің арызында көрсетілген дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасының тергеушілері қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – делінген ведомствоның агенттікке берген түсініктемесінде.
Сондай-ақ полицияда тергеу амалдары жалғасып жатқаны атап өтілді.
«Алматы полициясы объективті әрі жан-жақты тергеу жүргізуді қамтамасыз етеді», – делінген.