$ 542.67  638.89  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда «электрик» ер адам зейнеткердің үйін тонап кетті

Ол бірнеше мәрте ұрлық жасады деген күдікке ілінді

Қостанайда «электрик» ер адам зейнеткердің үйін тонап кетті

Қостанайда полицейлер бірнеше мәрте ұрлық жасап, үй тонаған күдікті ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу деректеріне сәйкес, ол қылмыстарды әртүрлі жерлерде жасаған. Яғни, аялдамалардан бастап сауда бутиктеріне дейін, тіпті өзін электрик ретінде таныстырып, тұрғын үйлерге де кірген.

Оқиғалардың бірі орталық базар маңындағы аялдамада болды. Автобусты күтіп тұрған қарт әйел сөмкесін орындықта қалдырған сәтте, күдікті оның әмиянын ұрлап кеткен. Басқа жағдайда ол ЦУМ-дағы бір бутиктің ішіне кіріп, кассадан ақшаны білдіртпей алып кеткен. Сол сияқты ол көкөніс дүкенінің кассасынан 94 мың теңге ұрлаған.

Электрик кейпіне еніп, ол қостанайлық зейнеткердің пәтеріне кіріп, қолайлы сәтті пайдаланып, оның сөмкесінен 20 мың теңгені алып кеткен. Сондай-ақ күдікті дүкендерде қараусыз қалған әмиян салынған сөмкелерді де қолды қылған.

«Күдіктінің әрекеттерінен келген жалпы шығын 775 мың теңгені құрады. Қазір оған қатысты бірнеше рет ұрлық және тонау баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер азаматтарды қоғамдық орындарда өз мүліктеріне мұқият болуға, сондай-ақ қызметкер болып танысқан бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары