«Ұлы дала жорығының» екінші күнінде Жетісу командасы жеңімпаз атанды
Қырғызстанның бірінші командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, Абай облысының командасы үштікті түйіндеді

Жетісу облысының командасы халықаралық «Ұлы дала жорығы-2025» марафон-бәйгесінің екінші кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Таңертең 17 команда Қостанай облысы Жангелдин ауданы Тәуіш ауылы маңынан жорықты жалғап, Жангелдин ауданы Қызбел ауылына аялдады.
«Екінші кезең 150 шақырымның қорытындысы бойынша Жетісу облысы командасы жеңімпаз атанды. Қырғызстанның бірінші командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, Абай облысының командасы үштікті түйіндеді», - деп хабарлады «Ұлы дала жорығының» ұйымдастыру комитеті.
Екінші кезең 150 шақырым нәтижесі
Команда атауы – Уақыт
- 1 – Жетісу облысы – 07:02:57
- 2 – Қырғызстан-1 – 07:03:25
- 3 – Абай облысы – 07:10:36
- 4 – Ұлытау облысы – 07:13:58
- 5 – Қырғызстан-2 – 07:23:20
- 6 – Алматы облысы – 07:33:48
- 7 – Қостанай облысы-1 – 07:38:10
- 8 – Маңғыстау облысы-Көкмойнақ – 07:39:46
- 9 - Қабардин-Балқар
- (РФ) – 07:41:05
- 10 – ШҚО – 07:57:34
- 11 – Алматы қаласы – 07:57:43
- 12 – Ақтөбе облысы – 08:02:20
- 13 – Астана қаласы – 08:10:01
- 14 – Маңғыстау облысы-Суын – 08:11:26
- 15 – Қостанай облысы-2 – 08:14:21
- 16 – Бірлік командасы – 10:06:29
- 17 – Атырау облысы – Жарыстан шығып қалды
- 18 – БҚО – Жарыстан шығып қалды
Бүгінгі күн яғни 100 шақырымда Жетісу облысының командасы топ жарды. Күннің үздігі атанып арнайы кубокқа ие болды.
Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Қостанай облысының аумағын қамтиды. Марафон 25 қыркүйек күні Қостанай облысы Арқалық қаласының маңында мәреге жетеді.
- Қолдау көрсетушілер: «Amanat» партиясы және Қостанай облысының әкімдігі
- Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы
- Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан» «Астана» телеарналары.
Ұйымдастыру комитеті Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысып, шабандоздар мен атбегілерге бар мүмкіндікті жасап жатқан Қостанай облысының әкімдігіне және облыс тұрғындарына алғыс айтты.
Жоба Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтіп жатыр.
«Ұлы Дала Жорығы» – үздік жылқы тұқымы анықталатын далалық лаборатория.
Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде оқуға болады:
- fb - JORYQ,
- Instagram - joryqofficial,
- Tik-Tok - JORYQ,
- youtube - JORYQ.