Мәдина Сәдуақасова ән айтып жатқанда «соққы» алды (ВИДЕО)
Өнер иесі бұл жағдайға еш ренжімей, күлімсіреп жауап берді

Жақында әнші Мәдина Сәдуақасова ән айтып жатқанда күтпеген оқиға болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші көрермендер мен камералардың алдында өнер көрсетіп жатқанда оператор краны оның басына тиіп кеткен. Бірақ өперпаз сасқан жоқ, әнді бұзбастан әрі қарай жалғастырды.
Видеодан Мәдинаның бұл жағдайға еш ренжімей, күлімсіреп жауап бергенін көруге болады. Көрермендер өнерпаздың кәсіби шеберлігіне тәнті болды.
Еске сала кетейік, Мәдина Сәдуақасова кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен продюсер Баян Алагөзованың қыздарының тұсаукесер тойында бағалы сыйлық ұтып алған болатын.
«Кішкентай Алиса мен Алманың алғашқы үлкен тойы ертегідегідей, өте әдемі сценариймен өтті. Мен бір конкурсқа қатысып, IPhone 16 Pro Max ұтып алдым! Тойда тілекті тек Баян мен Тұрсын айтты, әлемдегі ең бақытты ата-ана екенін атап өтіп, бір-біріне сезімін жеткізді. Келесі жылы 10 жылдықтары екен, енді бәріміз бұйырса Тұрсын мен Баяшаның үйлену тойын көреміз. Лайым солай болсын!», - деп жазды әнші желідегі парақшасында.