20.09.2025, 07:51
Жаңалықтар
Демеу Жадыраев әлем чемпионатында медальсыз қалды
Ол қола медаль үшін күресте жеңіліп қалды
Фото: Olympic.kz
Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізе алмай қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстандық балуан 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық кезеңге дейін жетті.
Жадыраев бұл кезеңде Венгрия спортшысы Роберт Фричпен қола жүлдені сарапқа салды. Тартысты өткен айқас 6:5 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.
Осылайша, отандасымыз әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді
25.09.2026, 10:39
Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: соңғы екі сарбаздың мәйіті табылды (ВИДЕО)
25.09.2026, 11:52
Алматы тауларына қыркүйекте қар жауды (ВИДЕО)