20.09.2025, 08:18
Жаңалықтар
СҚО тұрғыны тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты
Оған қатысты сот шешімі шықты
Фото: istockphoto.com
Петропавлда TikTok қолданушысы бейәдеп сөздер айтылған видео жариялағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаланың Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының хабарлауынша, ол ұятсыз сөздер айтқан видеосын жариялаған.
«Сот оны ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша (ұсақ бұзақылық) әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 78 640 теңге көлемінде айыппұл салу түрінде жаза тағайындады», – делінген соттың хабарламасында.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды