$ 541.19  636.44  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда блогер «Justking31» коттедж үйін лотереяға саламын деп басы дауға қалды

Оның желідегі парақшаларында миллондаған оқырманы бар

Алматыда блогер «Justking31» коттедж үйін лотереяға саламын деп басы дауға қалды
Фото: Instagram/justking31

Қазақстанға кеңінен танымал, миллиондаған оқырманы бар блогер Нұртаза Нұрбек (Justking31) заңсыз лотерея өткіземін деп істі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Instagram әлеуметтік желісіндегі «Justking31» аккаунтына қатысты заңсыз лотерея қызметін ұйымдастыру фактісі бойынша ҚР ТСМ Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетіне хат жолдады.

Материалдарды қарау барысында аталған парақшада Алматы қаласындағы екі қабатты үйін ұтысқа тігу, сондай-ақ ақшалай қаражат пен смартфондарды ойнату іс-шаралары күн сайын өткізілгені анықталды.

«Бұл ретте азаматтарға ұтыс ойынына қатысу үшін Oilan Lab ЖШС-іне тиесілі 29 990 теңгелік оқу курстарын сатып алу қажет болған. Жеңімпаздар «Поле чудес» жабдығы арқылы кездейсоқ әдіспен таңдалған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 803-бабына сәйкес, «Justking31» аккаунт иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 445-1-бабының алтыншы бөлігі бойынша (лотерея және лотерея қызметі туралы заңнаманы бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Аталған факт бойынша істі Комитет қарап, 300 АЕК көлемінде айыппұл салды. Істі қарау барысында аккаунт иесі кінәсін толық мойындап, айыппұл төледі», - делінген Туризм және спорт министрлігінің хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін миллиондаған оқырманы бар ерлі-зайыпты Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың курс сатып, оны сатып алғандар арасында көлік ойнатуын құзырлы органдар тексеретінін танымал заңгер Нұрсұлтан Орынбеков хабарлаған еді. 

Серіктес жаңалықтары