$ 541.19  636.44  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтардан 141 млн теңге алдап алған алаяқтар Шымкентте ұсталды

141 млн теңгеден астам шығын келтірген топ қолға түсті

Шымкент қаласында полиция департаментінің қызметкерлері киберқылмысқа қарсы іс-шара барысында Шымкент, Алматы және Алматы облысында әрекет еткен интернет-алаяқтар тобын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу нәтижесінде күдіктілердің 9 интернет-алаяқтық фактісіне қатысы бар екені анықталды. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 141 миллион теңгеден асады.

Ұсталғандар

Қылмыстық топтың 4 мүшесі құрықталды:

  • ұйымдастырушы (топ басшысы);
  • дропперлерді іздеп, тартқан екі қатысушы;
  • қолма-қол ақшаны алып, ұйымдастырушыға жеткізген тасымалдаушы.

Тергеу жалғасуда

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Полицейлер күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Іс-шара қалалық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді.

Еске салайық, 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап банк шоттарына, төлем және сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оларды беру немесе пайдалану, сондай-ақ заңсыз ақша аударымдарын жүзеге асыру қылмыстық жауапкершілікке жатады.

Серіктес жаңалықтары