$ 541.19  636.44  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Марқакөлде жер қойнауын заңсыз пайдаланылғаны анықталды

Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жолданды

Марқакөлде жер қойнауын заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Фото: ШҚО Экология департаменті/Видеодан скрин

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің мамандары Марқакөл аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Шаңдыбұлақ-9» учаскесінде тексеру жүргізді. Нәтижесінде заңсыз жер қойнауын пайдалану фактісі әшкереленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Экологиялық заңнаманы бұзу дерегі

Тексеру барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының бұзылғаны белгілі болды. Осыған байланысты «Алтай-2024» ЖШС-ге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 332-бабының 2-бөлігі, 328-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды.

Іс материалдары сотқа жолданды.

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті облыс аумағында заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатқанын атап өтеді. Ерекше назар экологиялық заңнаманың сақталуына, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және жер қойнауын пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға аударылып отыр», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары