$ 541.19  636.44  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада ер адам өз үйінде жылыжай ашып, есірткі өсірген

Полиция ер адамды қолға түсірді

Астанада ер адам өз үйінде жылыжай ашып, есірткі өсірген
Фото: istockphoto.com

Астанада өз үйінде есірткі өсіріп, оны таратумен айналысқан ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жедел іс-шара кезінде полицейлер ер адамның өз үйінде марихуана өсіргенін анықтады. Оның бір бөлмесінде шағын жылыжай жабдықталғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан 15 құмыраға егілген тыйым салынған өсімдіктер мен оларды өсіруге арналған қажетті құрал-жабдықтарды тәркіледі.

Тергеу барысында ер адамның бұл іске мұқият дайындалғаны анықталды – арнайы шам орнатып, желдеткіш жүргізіп, қажетті температуралық режимді сақтап отырған. Онымен шектелмей, ол синтетикалық есірткі сатумен де айналысқан.

«Синтетиканы жасырып кету барысында автотұрақта ұсталды. Тінту барысында оның үйінен, көлігінен және жеке заттарынан құрамында Alpha PVP бар 40-тан астам орам табылып, тәркіленді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіргені үшін де, оларды өткізгені үшін де қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Құқық қорғау органдары азаматтарды кез келген заңсыз есірткі айналымы фактілері туралы 102 нөміріне хабарлауға шақырады», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары