$ 541.19  636.44  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда жыл сайын мезгілсіз көз жұматын 2000-нан астам адамның өлімі лас ауамен байланысты

Әлі толық сөнбеген қоқыс полигонындағы өрт жағдайды қиындатып отыр 

Алматыда жыл сайын мезгілсіз көз жұматын 2000-нан астам адамның өлімі лас ауамен байланысты
Фото: ХБК

Халықаралық білім беру корпорациясында Алматының болашағы мен дамуы жайлы ғалым және сарапшылар талқылау өткізді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Сарапшылардың бағалауынша, Алматыда жыл сайын 2 000-нан астам мезгілсіз өлім ауа ластануымен байланысты.

«Алматыда ауа сапасы ДДСҰ нормаларынан 4–12 есе асып түседі. Қыркүйектегі бірнеше күнге созылған қоқыс полигонындағы өрт жағдайды нашарлатты, түтін орталық пен таулы аймақтарды түгел басты. Басты шағым халықты дер кезінде ескертпегені. Мұндай күндері терезелерді жауып, ауа тазартқыштарды қолданып, сыртқы белсенділіктен бас тарту қажет. Ал осал топтар үшін уақытша көшіп кету дұрыс. Бұл «ауа райы» туралы емес, бұл денсаулық жайлы», - деді ҚазҰУ PhD докторы Насиба Байматова «Алматы қаласының тұрақты дамуы» атты дөңгелек үстелінде.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысындағы қоқыс полигоны бірнеше күннен бері өртеніп жатыр: төтенше жағдайлар қызметі өртті сөндіруге бес облыс пен екі қаланың өрт сөндірушілерін тартуға мәжбүр болған.

 

Серіктес жаңалықтары