Алматы маңындағы қоқыс полигоны үш күннен бері өртеніп жатыр (ВИДЕО)
Өртті сөндіру үшін екі қала мен бес облыстың өрт сөндірушілері тартылған

Алматы облысындағы қоқыс полигоны үш күннен бері өртеніп жатыр: төтенше жағдайлар қызметі өртті сөндіруге бес облыс пен екі қаланың өрт сөндірушілерін тартуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ өртенген полигонның видеосын таратып, оның аумағы қаншалықты үлкен болғанын көрсетті.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің тапсырмасы бойынша Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев өрт орнына кеше жеткен көрінеді.
«Өртті сөндіруге Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Жетісу және Абай облыстарының ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ ҚР ТЖМ Мартбек Мамраев атындағы 52859 және Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері тартылды», - деп хабарлайды ТЖМ.
Өрт сөндіру көліктерін сумен үздіксіз қамту үшін мамандар «Терең-Қара» өзенінен су алып жатыр.
Айта кетейік, жергілікті тұрғындар өрттің иісі мен түтіні жақын маңдағы елді-мекендерді былай қойғанда, Алматы қаласына дейін жеткенін жазып жатыр.