Петропавлда телефонын қуаттауға қойған ер адам ажал құша жаздады – қазір ол ауруханада
Ақауы бар қуаттағыштың кесірінен көп қабатты үйдегі бір пәтерден өрт шыққан

Петропавл қаласындағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 42 адам эвакуацияланды. Олардың арасында бес бала бар. Ал өрт шыққан пәтер иесі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, өрттің себебі – ақауы бар қуаттағыш.
«Қаланың төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері саты арқылы көп қабатты тұрғын үйдегі әртүрлі пәтерден 42 адамды құтқарды. Олардың ішінде 5 бала бар. Өрт шыққан пәтердің иесі – 1961 жылғы азаматты жедел жәрдем ауруханаға алып кетті. Өрттің себебі – телефонның ақауы бар қуаттығышы», - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Кеше, 16 қыркүйек күні шыққан өрттен зардап шеккен басқа азаматтар жоқ.