$ 541.34  640.73  6.53
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе дәрігерлері егіз қыз босанған келіншектің жатыры мен қуығын бірге тігіп жіберген

Ол егіз қыздарын кесір тілігі арқылы босанған

Ақтөбе дәрігерлері егіз қыз босанған келіншектің жатыры мен қуығын бірге тігіп жіберген
Фото: видеодан скриншот

Ақтөбелік Альбина Итеғұлова кесір тілігі арқылы егіз босанған. Алайда балаларының жанында болудың орнына ол дәрігерлердің салғырттығынан өзінің денсаулығына күтім керек екенін айтады, деп жазады Azattyq Rýhy.

18 тамызда ол егіз қызын босанған. Мекенжайы бойынша емханада тіркеуде болған. Олар келіншекті облыстық перинаталды орталыққа бағыттаған.

«Мен теміржол жақтағы ауруханаға барғым келді. Себебі ол жақта кәсіби білікті мамандар жұмысы істейтінін білетін едім. Алайда хаттама бойынша ол жақ мені қабылдамайтын еді. Сол үшін де перинаталды орталыққа бардым. Орталықта маған ота жасайтынын айтты. Бұған дейін екі рет босанғамын. Кесір тілігі кезінде қуығыма зақым келіп, мүгедекке айналдым», - дейді ол.

Альбина Итеғұлова атағандай, кесір тілігінің дұрыс жасалмауына қатысты қуық-жатырлық жыланкөз пайда болған.

«Қазір қуықтың пакетімен жүрмін. Жатыр мен қуық бірігіп кеткен. Ал босанған соң етеккір келетіндіктен, қан қуық арқылы келеді. Қалай ауыратынын айтып жеткізе алмаймын. Менің өлгім келеді. Қазір ағзам ауырсынбайтын дәрілерді қабылдамай қойды. Себебі оларға аллергиям пайда болды», - дейді ол.

Әлеуметтік желіде ол бұл қателікті тек Оңтүстіік Кореялық дәрігерлер ғана қалыпқа келтіретінін жазған. Ал оған қомақты қаражат қажет. Сондықтан да Альбина қазақстандықтардың көмегіне жүгінген. Ал кесір тілігін дұрыс жасамаған дәрігерлермен күресуге қазір оның құлқы жоқ. Ең бастысы денсаулығын қалыпқа келтіру деп отыр.

«Барлығы дәрігерлерді сотта дейді. Бірақ оны жазаласам, денсаулығымды қайтарып алам ба?», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары