19.09.2025, 09:42
Жаңалықтар
Тоқаев аптаның соңында Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек күндері Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізеді.
Сапар аясында АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Сондай-ақ әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесу жоспарланып отыр.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды