18.09.2025, 20:43
Жаңалықтар
Елімізде 2028 жылға қарай орташа жалақы 600 мың теңгеден асады – министрлік болжамы
2025 жылдың II тоқсанында Қазақстандағы орташа жалақы 448 620 теңгені құрады
Фото: freepik.com
Ұлттық экономика министрлігінің болжамына сәйкес, 2028 жылы қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 604 963 теңгеге жетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Орташа жалақының өсімі
2025 жылдың II тоқсанында Қазақстандағы орташа жалақы 448 620 теңгені құрады. Министрліктің әлеуметтік-экономикалық даму болжамында алдағы жылдардағы жалақы динамикасы да көрсетілген:
- 2025 жылға болжам – 423 133 теңге;
- 2026 жылы – 500 890 теңге;
- 2027 жылы – 554 154 теңге;
- 2028 жылы – 604 963 теңге.
АЕК өседі, ал ең төменгі жалақы өзгеріссіз
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) те кезең-кезеңімен өседі:
- 2026 жылы – 4 325 теңге;
- 2027 жылы – 4 606 теңге;
- 2028 жылы – 4 882 теңге.
«Ал ең төменгі жалақы 2028 жылға дейін 85 000 теңге көлемінде сақталады. Дегенмен, Үкімет Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) стандарттарына сәйкес жаңа есептеу әдістемесін енгізуді жоспарлап отыр», – делінген министрлік болжамында.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
19.12.2025, 15:48
«Мәйітті қайта қазып алдық»: Халимназаров күйеуі жылқымен сүйреп өлтірді деген әйел туралы айтты
19.12.2025, 07:24
«Жеңеше, телефон соғыңыз»: Атыраулық әйел жоғалған күйеуінің достарынан күдіктеніп отыр
19.12.2025, 11:15
«Құрсағындағы баламыз да аман қалмады»: Ақтөбеде жүкті әйелдің аяқасты қысымы көбейіп, көз жұмды
19.12.2025, 11:49
Астанадағы екі адамның өлімі: полиция тың мәлімет жариялады
Редактордың таңдауы
18.12.2025, 12:14
Қазақстанда төрт күн ішінде тас жолдар 177 рет жабылған (ВИДЕО)