$ 541.34  640.73  6.53
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлда бес бірдей көлік бір біріне соғылды

Оқыс оқиға өткен жексенбі күні кешкі уақытта болды

Петропавлда бес бірдей көлік бір біріне соғылды
Фото: СҚО ПД/Видеодан скрин

Петропавлда Жамбыл мен Крепостная көшелерінің қиылысында бес көлік бір біріне соғылған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, оқыс оқиға өткен жексенбі күні шамамен сағат 17:40-та «Lada» автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты дер кезінде төмендетпей, алдында тоқтаған «Nissan Teana»-ға соғылған. Соққыдан «Nissan» өз кезегінде «Kia Sportage» көлігіне түйіскен.

Осы мезетте сол бағытта қозғалған тіркемесі бар «ГАЗель» жүк көлігінің жүргізушісі алдындағы «Lada»-ны айналып өтпек болып, «Kia Rio» көлігімен соқтығысқан. «Kia Rio» жүргізушісі сол сәтте бұрылыс жасауға дайындалып тұрған.

«Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ. Барлық көлікке механикалық зақым келген. Жүргізушілердің кінәсі анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицейлердің айтуынша, қала көшелеріндегі қарбалас қозғалыста жылдамдықты қатаң сақтау және көлік құралдарының арақашықтығын дұрыс ұстау – жол апаттарының алдын алудың басты кепілі.

Жүргізушілер тәртібінің төмендігі – жолдағы апаттардың негізгі себебі. Сол себепті полиция «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау бағытында профилактикалық шараларды кеңінен жалғастыруда», – делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары