$ 541.34  640.73  6.53
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда мемлекетке жарты млрд теңгеден астам шығын келтіргендер сотталып кетті

Жалған шот-фактуралар арқылы алаяқтық жасалған

Алматыда мемлекетке жарты млрд теңгеден астам шығын келтіргендер сотталып кетті
Фото: freepik.com

Алматыда жалған шот-фактураларын пайдалану схемасы арқылы салық төлемінен жалтаруға байланысты қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 686 миллион теңге көлемінде аса ірі шығын келтірілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бір топ адамдар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді іс жүзінде тиеп жібермей, жалған шот-фактураларды жазып беру жөнінде қылмыстық схеманы ұйымдастырғаны анықталды.

Құқыққа қарсы іс-әрекеттің іздерін жасыру және салықтық бақылауды айналып өту мақсатында жалған біріктіру жүргізілген, кейіннен құжаттар рәсімделген серіктестік формалды түрде таратылған.

«Қадағалау қызметі аясында қала прокуратурасы наразылық білдіріп, нәтижесінде заңсыз біріктіру тоқтатылды.

Жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Сот қылмыстық топтың алты қатысушысын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216 (шот-фактураларды жалған жазу) және 262-баптарында (ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оны басқару) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп тапты», – делінген прокуратура хабарламасында.

Сотталғандардың әрқайсысының кінәсінің ауырлығына байланысты сот 6 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Серіктес жаңалықтары