$ 541.01  640.34  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Отбасылық бизнес: Жетісу облысында ер адам зейнеткер ата-анасымен бірге есірткімен ұсталды

Автокөлік салонынан 19 килограмм марихуана тәркіленді

Отбасылық бизнес: Жетісу облысында ер адам зейнеткер ата-анасымен бірге есірткімен ұсталды
Фото: Алматы облысы ПД/Видеодан скрин

Жетісу облысында ер адам зейнеткер ата-анасымен бірге есірткі алып бара жатқан жерінен ұсталды. Олар қылмыстық әрекетті отбасылық бизнеске айналдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оперативтік жолмен Алматы қаласынан жеткізу тізбегі анықталды. Алматы – Өскемен автожолында полицейлер 65 жастағы ер адам мен оның Toyota көлігін тізгіндеген 29 жастағы ұлын ұстады. Автокөлік салонынан 19 килограмм марихуана тәркіленді.

Тергеу барысында күдіктінің ұлы есірткіні Жамбыл облысының 29 жастағы тұрғынынан алғанын айтты.

Кейінгі шаралар барысында күдіктінің 66 жастағы жұбайы да анықталды. Ол ұялы телефон арқылы күйеуі мен ұлының іс-әрекетін үйлестіріп, Алматы мен Жетісуға есірткі жеткізіп отырған. Оның тұрғылықты жерінен тағы 1 килограмм марихуана табылды.

«Облыстық прокуратурамен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде Алматылық облыс аумағында жеткізуді ұйымдастырған күдікті ұсталды. Жамбыл облысындағы оның қожалығынан 10 килограмнан астам кептірілген марихуана тәркіленді.

Барлық қатысушылар қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Полиция ескертеді: есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау және өткізу үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы және мүлкін тәркілеу көзделген», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары