$ 541.01  640.34  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екібастұзда ішіп алып, есін білмей домалап жатқан 5 мыңнан астам адамды полиция алып кетті

Олар айықтырғышқа орналастырылды

Екібастұзда ішіп алып, есін білмей домалап жатқан 5 мыңнан астам адамды полиция алып кетті
Фото: freepik.com

Павлодар облысының Екібастұз қаласында ішімдікке сылқия тойып, есін білмей, көшеде домалап жатқан 5 мыңнан астам адамды полиция алып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта полиция алдында тұрған басты міндеттердің бірі – қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу. Жүргізілген талдау аймақтағы көптеген қылмыстың мас күйінде немесе алкогольдік ішімдіктер ішкен кезде жасалғанын көрсетті.

«Мас күйінде жасалған қылмыс фактілерінің жолын кесу мақсатында облыс полицейлері көлемді жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бастап облыс бойынша полиция қызметкерлері 6643 құқық бұзушылықтың жолын кесті, онда азаматтар қоғамдық орындарда ішімдік ішкен немесе мас күйінде болған, оның ішінде Екібастұз өңірінде – 1571 азамат.

Кеншілер қаласындағы рейдтердің нәтижесінде уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 5 мың азамат мас күйінде орналастырылды. Екібастұз полициясының учаскелік инспекторлары 35 адамды сот шешімі бойынша маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберді», – деп хабарлады Екібастұз қаласының полиция басқармасы.

Серіктес жаңалықтары