$ 541.01  640.34  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада «Бәйтеректің» жанындағы кафе отқа оранып, бірнеше үй қоса өртеніп кетті

Алапат өрттен бірнеше пәтердің тұрғындары баспанасыз қалды

Астанада «Бәйтеректің» жанындағы кафе отқа оранып, бірнеше үй қоса өртеніп кетті
Фото: Астана әкімдігі

Астананың орталығында орналасқан танымал кафелердің бірінен өрт шығып, жалын бірнеше үйге тарап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаға қатысты қалалық әкімдік ресми түсініктеме беріп, тұрғындардың жағдайы туралы мәлімдеме жасады.

«18 қыркүйекте Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы KaRima кафесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Әкімдік, ТЖД және қалалық Полиция департаменті бірлесіп, оқиға орнында жедел штаб құрды.

ТЖД мен Полицияның үйлесімді әрекетінің арқасында өрт тез арада жойылды», – дейді әкімдік.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

«Өрт салдарынан 8 пәтер зардап шекті. Тұрғындар қаланың қонақүйлеріне уақытша орналастырылады. Сондай-ақ барлық бағытта көмек көрсетілетін болады.

Алдағы тәулік ішінде бүлінген пәтерлерді жөндеу және фасадты қалпына келтіру жұмысы KaRima кафесі иелерінің қаражаты есебінен басталады.

Осындай барлық жағдайда жергілікті атқарушы органдар өрттің салдарын жедел жою үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайды», – деп мәлім етті жауапты орган.

Серіктес жаңалықтары