$ 541.01  640.34  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында мұқтаж емес отбасыларға 13 млн теңге әлеуметтік көмек берілген

18 отбасыға заңсыз көмек көрсетілгені анықталды

Түркістан облысында мұқтаж емес отбасыларға 13 млн теңге әлеуметтік көмек берілген
Фото: istockphoto.com

Жетісай ауданында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау үшін құрылған комиссияның «мұқтаж емес» деген қорытындысына қарамастан, 18 отбасыға негізсіз 3,1 млн теңге төленгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жетісай ауданында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жергілікті атқарушы органмен құрылған комиссия «атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес» деген қорытынды бергеніне қарамастан 18 отбасыға негізсіз 3,1 млн теңге төлем жүргізілген.

Ал Сарыағаш ауданының Қапланбек ауылдық округінде учаскелік комиссия хатшысы мен ауылдық округ әкімінің орынбасары комиссия мүшелерінің атынан қол қойып, 56 өтініш бойынша жалған қорытындылар рәсімдеп, соның салдарынан 9,7 млн теңге мемлекеттің қаржысы мақсатсыз жұмсалған.

«Бұл прокуратураның АӘК талдау жүргізу барысында анықталған, қаражатты қайтару және кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, қазіргі таңда қаралу сатысында», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары