17.09.2025, 21:22
Жаңалықтар
Солтүстік Қазақстан облысында алапат өрттен үш адам тірідей жанып кетті
Полтавка ауылындағы қайғылы оқиға қоғамды дүр сілкіндірді
Фото: freepik.com
Солтүстік Қазақстан облысының Полтавка ауылында жеке тұрғын үйден шыққан өрттен үш адам қаза болды. Бұл туралы өңірлік ТЖД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдай туралы хабарлама «112» пультіне кешкісін түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жеткенімен, келген сәтте үй түгелдей жалынға оранған еді.
Өртті сөндіру кезінде 1968 жылы туған әйел мен 1979 және 1981 жылғы екі ер адамның денесі табылды.
Жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге сегіз құтқарушы және үш техника жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды