$ 541.01  640.34  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда жігіттер түнгі уақытта бойжеткенді күштеп, көлігімен алып кетпек болды (ВИДЕО)

Оқиғаның 15 қыркүйекте болғаны белгілі болды

Алматыда жігіттер түнгі уақытта бойжеткенді күштеп, көлігімен алып кетпек болды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Алматыда екі жігіт бойжеткен қыз баланы түнгі уақытта күштеп көлікке отырғызып, алып кетпек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бойжеткен қызды өзге қыз бала аман-есен құтқарып қалды. Оқиғаны қалалық Полиция департаменті растап, ресми мәлімдеме жасады.

Ведомство мәліметінше, оқиға 15 қыркүйекте болған. «102» арнасына куәгерлерден түскен хабарлама бойынша оқиға орнына дереу полиция жасағы жіберілген.

«Оқиғаға қатысқан барлық адам анықталды. Белгілі болғандай, жас жігіт пен қыз бір-бірімен таныс екен. Қыз шағымданудан және арыз беруден бас тартты.

Сонымен бірге ер адаммен заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік түсіндіріліп, профилактикалық жұмыс жүргізілді.

Айта кету керек, полиция ықтимал құқыққа қарсы әрекет туралы әрбір хабарламаға, әсіресе зорлық-зомбылық пен өмірге немесе денсаулыққа төнетін қатер мәселесіне жедел ден қояды», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары