Өскемен қаласының прокуроры қызметінен шеттетілді: себебі белгілі болды
Өскемен қаласының прокурорына қатысты қызметтік тексеріс басталды

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Өскемен қаласының прокурорына қатысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады. Құқық қорғау қызметі туралы заңға сәйкес ол уақытша лауазымынан шеттетілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа байланысты түсініктеме берді.
Ведомствоның мәліметінше, Өскемен қаласының прокурорына қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр. ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес, шешім қабылданғанға дейін ол уақытша лауазымынан шеттетілді.
Сонымен қатар Өскемен қаласы прокуратурасының өзге қызметкерлеріне қатысты да бұған дейін тексерістер жүргізілген. Нәтижесінде бірқатар жайт расталып, қызметтік әдепті бұзған қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.