$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2020, 16:15
Жаңалықтар

Қазақстанда ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта қысқарады

 13 аймақта жұмыс істеуге шектеу қойылды

Қазақстанда ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта қысқарады

Коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар санының күрт артуына байланысты Қазақстанның кей өңірлерінде карантиндік шаралар қайта күшейтілуде. Азық-түлік және басқа да базарлар, жәрмеңкелер, қоғамдық тамақтану объектілерімен қатар ХҚО-лардың да жұмыс уақыты қысқарды, деп хабарлайды Аzattyq ruhy.

«Бас санитарлық дәрігерлердің шешімі бойынша еліміздің 13 аймағында - Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларындағы ХҚО-лардың жұмыс кестесі қысқартылды. Ал Шығыс Қазақстан облысында ХҚО-ның жұмыс уақытына өзгеріс тек Семей қаласы бойынша енгізілді», - делінген «Азаматтарға арналған үкімет» таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офис қызметкерлері банк операторлары, дәрігерлер мен полицейлер секілді азаматтармен тікелей байланыста жұмыс жасап жатыр. Бөлімдерде санитарлық-эпидемиологиялық, әлеуметтік қашықтық және бетперде режимдері қатаң сақталған. Алайда, қызмет алушылар өздерін жайсыз сезініп немесе сырқат белгілерін байқаса ХҚО-ға барудан бас тартуға кеңес береміз.

«Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында автокөлік иелерін мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға шақырамыз. Бүгінде автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру онлайн режимде қолжетімді», -делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ХҚО мамыр айында жұмысын қайта бастаған болатын. Пандемия жағдайында Азаматтарға арналған үкімет жұмыстың жаңа форматына көшуге мәжбүр болды.

Атап айтқанда, қазір ХҚО-лар электронды порталда қолжетімсіз «қағаз» түріндегі қызметтерді ғана көрсетеді.  Қызмет алушыларды ХҚО-ға келуін алдын-ала egov.kz порталындағы арнайы сервис және и eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы брондауы қажет.

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ХҚКО #карантин