$ 530.07  615.2  6.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында парақорлардан қайтарылған ақшаға амбулатория салынып жатыр

Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстың 95% аяқталды

Ақмола облысында парақорлардан қайтарылған ақшаға амбулатория салынып жатыр
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында прокуратураның күшімен қайтарылған активтер дәрігерлік амбулатория салуға бағытталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жарқайың ауданының прокуроры Олжас Уәлиев жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, мемлекетке прокуратура органдарымен қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан әлеуметтік нысан: «Жарқайың ауданы Пятигорское ауылында дәрігерлік амбулатория салу» құрылысы барысымен танысты.

Бұл жоба алты жақын орналасқан ауылды қоса алғанда, 1800-ден астам тұрғынның алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылып жатыр.

Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстың 95% аяқталды.

Құрылыстың толық көлемде аяқталуы жобаға сәйкес ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары