$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңа тәртіп: енді автобандардың ақаулы бөлігіне ақы алынбайды

Қазіргі уақытта елімізде барлығы 27 ақылы жол бар

Жаңа тәртіп: енді автобандардың ақаулы бөлігіне ақы алынбайды
Фото: Көлік министрлігі

Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы жолдарда жаңа төлем ережесі енгізілді. Енді жүргізушілер жөндеуді қажет ететін учаске үшін ақы төлемейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көлік министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда төлем ережелері өзгерді. Қазіргі уақытта елімізде барлығы 27 ақылы жол бар. Ақылы автожолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды.

Мысалы, егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақаулар жойылғанға дейін жүргізушілер тек 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді.

Ұлттық оператор жолдардың жағдайын үнемі бақылайды. Әр жүргізуші ақау туралы тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне қоңырау шалып, хабарлай алады.

Жаңа ереже республикалық және халықаралық маңызы бар барлық ақылы жолдарға қолданылады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жол #автобан