$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда самокатқа мінген балалар кішкентай қыздың аяғын сындырды

Олар оқиға орнынан дереу қашып кеткен

Алматыда самокатқа мінген балалар кішкентай қыздың аяғын сындырды
Фото: T.me/«Твой Алматы»

Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағының маңында бір самокатқа мінгескен балалар автобус аялдамасында тұрған кішкентай қыздың аяғын сындырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Твой Алматы» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, 11 және 6 жастағы жасөспірімдер бір самокатқа мініп, қатты жылдамдықпен аялдама жанында тұрған қыз балаға соғылған. Алған соққыдан қатты құлаған бүлдіршіннің аяғы ісіп кеткен. Дәрігерлер қыз баланың сүйегі сынғанын растады.

Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, самокат айдаған балалар оқиға орнынан қашып кеткен. Әйел жедел жәрдем шақырып, полицияға арызданған. Қазір іс кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторларға тапсырылды.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда самокат жүргізген жас жігіт жаяу кетіп бара жатқан адамның көзін ағызып жібергені хабарланған болатын.

Ал президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында электросамокаттар туралы заңды шұғыл өзгерту керектігін айтқан.

Серіктес жаңалықтары