Грузияның бұрынғы қорғаныс министрі сыбайлас жемқорлық үшін ұсталды
Ол 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Мета-сипаттама: Грузияның бұрынғы қорғаныс министрі Джуаншер Бурчуладзе қызметтік өкілетін теріс пайдалану және аса ірі көлемде қаражат жымқыру күдігімен ұсталды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Грузияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, экс-министр Джуаншер Бурчуладзе арнайы тергеу шаралары барысында ұсталған.
«Жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу әрекеттерінің нәтижесінде Джуаншер Бурчуладзе қызметтік өкілетін теріс пайдаланды және аса ірі көлемде қаржы иемденді деген күдікпен, соттың шешімі негізінде қамауға алынды», – делінген хабарламада.
Заңға сәйкес, ол кінәсі дәлелденген жағдайда 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Джуаншер Бурчуладзе Грузияның қорғаныс министрі қызметін 2021 жылғы ақпаннан 2024 жылғы ақпанға дейін атқарған. Оның ұсталуына қатысты іс елдегі ең резонансты істердің бірі болып отыр.
Ұсталғаннан кейін бұрынғы министр оқшаулау орнына емес, ауруханаға түскен. Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің ақпаратына сәйкес, ол ұсталғанға дейін жарақат алған.
«Ұсталған кезде Джуаншер Бурчуладзе бірнеше күн бұрын Кахетия өңірінде квадроциклден құлап, жеңіл ми шайқалуын алғанын айтты. Дәрігер оған төсектік режим ұсынып, медициналық мекемеге жеткізуді сұрады», – делінген хабарламада.