Алматыда полицей жол апатынан қашамын деп көлігімен бірге арыққа түсіп кетті
Қазіргі таңда Алматы полициясы оқиғаға себепші болған жүргізушіні іздестіріп жатыр

Алматыдағы Абай даңғылында полиция қызметкері қызметтік көлігімен арыққа түсіп кетті. Оған басқа жүргізушінің жолда кедергі келтіруі себеп болған. Жол апатын болдырмау үшін полиция көлігі шұғыл түрде жолдан шығып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ресми ақпаратқа сәйкес, учаскелік инспектор қызметтік көлігімен келе жатқанда күтпеген жерден алдынан басқа автокөлік шыға келген.
«Жол апатына жол бермеу үшін полицей маневр жасап, көлікті арыққа бұрды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ», – деп мәлімдеді ведомство.
Әлеуметтік желілерде арықта тұрған полиция көлігінің суреттері жарияланып, желі қолданушылары арасында қызу талқыланды.
Қазіргі таңда Алматы полициясы оқиғаға себепші болған жүргізушіні іздестіріп жатыр. Жағдайдың мән-жайы мен құқықбұзушының кім екені анықталуда.