$ 538.2  629.64  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда пәтерді жалға алған адамдар үйдің күл-талқанын шығарған (ВИДЕО)

TikTok-та қазақстандық әйел пәтерінің қандай күйге түскенін көрсетті

Қазақстанда пәтерді жалға алған адамдар үйдің күл-талқанын шығарған (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Марал Жолаяева есімді желі қолданушы пәтерін жалға бергеннен кейінгі жағдайын көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, ол баспанасын бір қызға жалға берген. Алайда жігітімен болған жанжалда пәтері толықтай қирап қалғаны белгілі болды.

Видео кадрларынан көрінгендей, жатын бөлмедегі шкафты сындырып, есіктерін жұлып алып жерге тастаған, бөлме есігін бүлдірген. Асүйде үстел мен орындықтар сынған. Пәтер иесінің сөзінше, үйдің түгі қалмаған.

Ол сол сияқты көршілерінің шуға назар аудармағанына таңданысын білдірді.

«Осындай айқай-шуды қалай естімеуге болады? Егер бұл Шымкентте болса, көршілер міндетті түрде қоңырау шалып, не пәтер иесін ескертетін, не полиция шақыратын еді», – дейді ол.

Желі қолданушылары көрген жайтқа шошып, пәтерді жалға алған қыздың жағдайын сұрады. Пәтер иесі оның зардап шекпегенін, жігітінің ашуын тек жиһаздан алғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары