Жаңбыр, бұршақ жауады: үш қала мен 16 облыста дабылды ескерту жарияланды
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанып отыр

Синоптиктер 11 қыркүйекте елордада, Алматыда, Шымкентте және Қазақстанның 16 облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі, желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді.
Ақмола облысында түнде шығыста қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Солтүстіктен 15-20 м/с жел соғады. Көкшетауда да найзағай ойнап, тұман түседі, жел 15 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз найзағай ойнайды, түнде және таңертең батыста тұман түседі. Солтүстікте, шығыста және оңтүстікте 15-20 м/с жел соғады. Петропавлда күндіз найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысында түнде оңтүстік-шығыста, күндіз солтүстік-батыста найзағай ойнайды. Солтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз найзағай ойнайды.
Қарағанды облысында түнде батыста, солтүстікте және шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Бұл аймақтарда найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Солтүстікте жоғары, оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда кей уақытта найзағай ойнайды.
Ұлытау облысында түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі. Шығыста жоғары, оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында күндіз батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғып, найзағай ойнайды. Батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстіктен 15-20 м/с жел соғады. Павлодарда найзағай ойнайды.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғып, найзағай ойнайды. Солтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде 23 м/с. Өскеменде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады, түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан 15–18 м/с жел соғады.
Абай облысында күндіз батыста, оңтүстікте, орталықта қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғып, найзағай ойнайды. Шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20, кей жерлерде 25 м/с жел соғады.
Ақтөбе облысында батыста және орталықта жоғары өрт қаупі сақталады, шығыста өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында батыста, солтүстік-шығыста және орталықта найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Өңірде аса жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде желдің екпіні 15-18 м/с жетеді, төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстікте және шығыста жоғары, батыста өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында оңтүстікте және таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Солтүстікте, оңтүстікте және тауларда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с. Алматыда кей жерлерде найзағай ойнап, желдің екпіні 18 м/с жетеді. Қонаевта найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жетісу облысында шығыста және таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Шығыста, орталықта және таулы аймақтарда солтүстік-батыстан 15-20, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с жел соғады.
Жамбыл облысында таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Тауларда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Өңірде аса жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі бар.
Түркістан облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент және Түркістан қалаларында да өте жоғары өрт қаупі бар.