«Бетім салбырап қалды»: әнші Алтынай Жорабаева 37 кг-ға арықтағанын айтты (ВИДЕО)
Әнші Алтынай Жорабаева сырт келбетіне қатысты сұрақтарға ашық жауап берді

Танымал әнші Алтынай Жорабаева соңғы уақытта сырт келбетінде болып жатқан өзгерістерге байланысты тыңдармандарының сауалдарына ашық жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желілерде көптеген қолданушылар әншінің бет-әлпеті салбырап қалғаны байқалатынын айтып, сыртқы бейнесін қызу талқылай бастаған.
Өзінің видеосында Алтынай Жорабаева мұндай өзгерістер жасына байланысты әрі күрт салмақ тастауының әсерінен болғанын жеткізді.
«Бетің салбырап қалыпты, көзіңді неге олай жасадың, бұрынғы келбетің әдемі еді ғой деп 20-25 жыл бұрынғы Алтынайды менімен салыстырады. Мен қазір 50-ге жақындап қалдым ғой. Біріншіден, 37 кг салмақ тастаған адам, екіншіден 50-ге жақындағаным бар, бетім енді салбырайды ғой. Жайлап жаттығулар жасап жүрмін, оның әсері енді болады. Әлде семіріп, былшиып жүре берейін бе? Маған ол комфорт емес, артық салмақ кімге жағады? Ешкімге жақпайды, денсаулыққа өте зиян, өзіңізді жеңіл сезіну үшін, салмақ тастаңыз, энергияңызды көтеріңіз. Мүмкін бетімді тарттырып, жасатып қалуым да мүмкін, ол жағы әзірге белгісіз», – дейді әнші.