10.09.2025, 15:32
Жаңалықтар
Алматыда жоғары жылдамдықпен жүйткіген Mercedes ағашқа соғылды (ВИДЕО)
Жүргізушінің қауіпті маневр жасағаны видеоға түсіп қалды
Фото: Видеодан скрин
Алматыда өткен кеште жоғары жылдамдықпен жүйткіген Mercedes көлігі ағашқа соғылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода Mercedes жүргізушісінің жолақтан жолаққа ауысып, қауіпті маневр жасағаны анық көрінеді. Бір сәтте ол рөлге ие бола алмай, жол шетінен шығып кетіп, ағашқа соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір болған жағдайдың мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр», – деп мәлімдеді Алматы қалалық Полиция департаменті агенттікке берген түсініктемесінде.
Полиция өкілдерінің айтуынша, жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады