$ 538.2  629.64  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Кайфпен» жүретін жүргізуші: Павлодар облысында есірткіге мас адам ұсталды (ВИДЕО)

Оқиға Ақсу қаласында болды

Ақсу қаласындағы «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қамзин көшесіндегі патрульдеу бағыты бойынша полиция қызметкерлері Chevrolet klit маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушіде есірткі мас болу белгілері анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тексеру кезінде жүргізушіде үйлестірудің бұзылуы, орынсыз мінез-құлық, реакцияның тежелуі байқалды.

Жүргізуші медициналық мекемеге куәландырудан өту үшін жеткізілді, онда оның есірткі мас күйінде екендігі расталды.

«Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қамалды. Ал материал сотқа қарау үшін берілді», – деп хабарлады Ақсу қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Айдар Сламбеков.

Серіктес жаңалықтары