$ 538.2  629.64  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Аутист балаларды өлтіру керек»: министр атышулы блогердің сөзіне қатысты пікір білдірді

Блогер аутизмі бар балаларды өлтіру керектігі туралы жазған

«Аутист балаларды өлтіру керек»: министр атышулы блогердің сөзіне қатысты пікір білдірді
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова желіде аутизмі бар балаларға қатысты ауыр сөз жазған блогерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр Парламент Мәжілісінің кулуарында БАҚ өкілдері тарапынан аталмыш жағдайға қатысты қойылған сауалға жауап берді.

«Әлбетте мен мұндай жағдайды қолдамаймын. Мұндай оқиғалар қоғамда болмауы тиіс. Біз инклюзивті ортада өмір сүріп жатырмыз. Біз мүмкіндігі шектеулі жандарды дискриминация жағдайларына ұшырауына жол бермейміз. Қазір аутизмі бар балалар ерекше бақылауда. Оқу-ағарту министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және тікелей біздің министрлік толық көлемде қолдау көрсетеміз. Ал аталмыш блогерге қатысты тиісті шаралар қолданылады деп ойлаймын», – деп жауап берді.

Айта кетейік, осыған дейін желіде 80 мың оқырманы бар блогер Райхан Жұмамұратованың аутизмі бар балаларды өлтіру керектігі туралы жазған пікірі жарияланған.

Серіктес жаңалықтары