10.09.2025, 10:33
Жаңалықтар
Қызылорда облысында жүздеген дәрігер жалақысын ала алмай келгені анықталды
Олар прокуратураның араласуынан кейін ғана жалақыларын алды
Фото: istockphoto.com
Қызылорда облысының Арал ауданында жүздеген қызметкер бүгінге дейін жалақысын ала алмай келгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында мониторинг жүргізу барысында «Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ы осы жылдың маусым айына 623 қызметкерге 109 420 181 теңге жалақыға қарыз екендігі анықталды.
Нәтижесінде 16.07.2025ж. ауруханаға заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді.
«Ұсынудың қаралу қорытындысымен 623 қызметкерге жалақылары толық төленіп, олардың конституциялық құқықтарының қорғалуына қол жеткізілді», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды