$ 538.2  629.64  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында ер адам алтын өндіретін кәсіпорынға жасырын кірген

Ол кінәсін мойындап, соттан қатаң жаза кеспеуді сұрады

Жамбыл облысында ер адам алтын өндіретін кәсіпорынға жасырын кірген
Фото: freepik.com

Жамбыл облысында Мойынқұм аудандық соты күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру фактісі бойынша әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот азамат К. 2025 жылдың ақпан айында жеке күзет ұйымы күзететін, қауіпті өндірістік объект саналатын алтын өндіруші кәсіпорынның аумағына заңсыз кіргенін анықтады.

«Сотта К. кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініп, соттан қатаң жаза кеспеуді сұрады. Оның кінәсі хаттамамен, К.-ның түсініктемелерімен, полиция қызметкерлерінің және компанияның лауазымды тұлғаларының баянаттарымен дәлелденді», - деп жазылған хабарламада.

Сот қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 506-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза кесілді. Қаулы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары