$ 536.76  630.85  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда доллар бағамы белгілі болды

9 қыркүйектегі ресми доллар бағамы жарияланды

Қазақстанда доллар бағамы белгілі болды
Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа алынған бағамы 536,76 теңгені құрап, 1,67 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің 9 қыркүйектегі ресми доллар бағамы – 535,13 теңге.

Kurs.kz сайтының дерегінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 537,54 теңге, сату – 539,47 теңге. Астанада долларды сатып алу орта есеппен – 536 теңге, сату – 541 теңге.

Еске сала кетейік, 2 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа алынған бағамы 0,95 теңгеге, 3 қыркүйекте – 0,55 теңгеге өскен. Ал 4 қыркүйекте – 0,09 теңгеге, 5 қыркүйекте – 2,11 теңгеге, 8 қыркүйекте – 2,64 теңгеге төмендеген.

Серіктес жаңалықтары