Абай облысында ескі көліктен өрт шығып, ішіндегі екі адам тірідей жанып кете жаздады
«Audi 100» маркалы автокөлігі отқа оранды
Абай облысының Үржар ауданында ескі көліктен өрт шығып, ішіндегі екі адам тірідей жанып кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аудандық Патрульдік полиция тобына қарасты қызмет инспекторлары Абылай хан даңғылы бойымен патрульдеу кезінде жол жиегінде тұрған, өртке оранған «Audi 100» маркалы автокөлігін байқап қалады.
Азаматтардың өміріне қауіп төндірмеу мақсатында полиция қызметкерлері дереу әрекетке көшіп, жол қозғалысын уақытша тоқтатып, Өрт сөндіру қызметін шақырған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тәртіп сақшылары жедел түрде қауіпсіздік шараларын ұйымдастырып, айналадағы азаматтарды қауіпсіз аумаққа көшіріп, оқиғаның ауыр зардаптарға ұласуына жол бермеді.
Сонымен қатар, полиция инспекторлары өрт сөндіру құралын пайдалана отырып, көліктегі жалынды сөндіруге кіріскен. Олар өрттің отын багына жетуіне жол бермей, ықтимал жарылыстың алдын алды.
«Өрт сөндіру қызметі шұғыл келіп, полициямен үйлесімді және тиімді әрекеттесуінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, өрт көліктің электр жүйесіндегі ақаудан туындауы мүмкін», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.