Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады

«Қазгидромет» РМК ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Атап айтқанда, 22 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертен туман болжанады. Петропавл қаласында түнде және таңертен туманды болады.
22 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Қостанай қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі.
22 маусымда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с күшейеді. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
22-24 маусымда күндіз Жамбыл облысында 40°С-ка дейін қатты ыстық күтіледі. Тараз қаласында 22-23 маусымда күндіз 38°С қатты ыстық болады.