07.09.2025, 14:46
Жаңалықтар
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорына цифрлық мониторинг енгізіледі
Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады
Фото: © istockphoto.com
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорын цифрлық бақылау жүйесі енгізілуде. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жүйені Сауда және интеграция министрлігі «Қазахтелеком» компаниясымен бірлесіп әзірледі. Мақсат – стабқорлардағы өнім қозғалысын ашық қадағалау және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Жүйе кезең-кезеңімен жүзеге асады
Жоба үш кезеңнен тұрады:
- Бірінші кезең – қоймалар мен бар қорлар туралы бірыңғай деректер базасын құру. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Жетісу және Қостанай облыстарында пилоттық жұмыс жүргізілуде.
- Екінші кезең – қоймаларға бейнебақылау орнатып, онлайн-трансляцияны мобильді қосымша мен тауарлардың ұлттық қадағалау жүйесінің дашбордына біріктіру. Мұндай тәжірибе Павлодар облысында басталды.
- Үшінші кезең – электронды шот-фактуралар мен фискалды деректерді талдау арқылы тауардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі қозғалысын бақылау.
Әлеуметтік қолдау және пилоттық жобалар
Жүйе тек азық-түлік қорларын бақылауды ғана емес, адрестік әлеуметтік қолдауды енгізудіде көздейді. Қазір пилоттық жоба Ақкөлде іске қосылды, ал жақын уақытта Павлодар мен Көкшетауда да қолға алынбақ.
Министрдің тапсырмасы
Кеңес қорытындысында Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бірқатар тапсырма берді:
- Табиғи монополияларды реттеу комитетіне – реттелетін қызметтердің бағасын ұстап тұру бойынша ұсыныстар енгізу;
- Әкімдіктерге – серіктес стабқор қоймаларына бейнекамера орнату үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Көп оқылған
12.06.2026, 15:37
«Топтасып зорлаған»: Жамбыл облысында ақыл-есінде кемістігі бар жасөспірім қыз босанды
12.06.2026, 16:36
«Әйелім есінен танып қалды»: Жамбыл облысының тұрғыны полиция қызметкерін жұмысына дейін іздеп барған (ВИДЕО)
12.06.2026, 15:41
Түркістан облысында ұлына қымбат көлігін беріп, дүкенге жіберген әке полицияға ұсталып қалды
12.06.2026, 16:11
Біз қазіргідей жауапты сәтте «Әділет» партиясымен бірігуіміз керек – Ерлан Қошанов
12.06.2026, 09:12
Алматыда 13 жастағы бала қатарласын 9 жерден пышақтап, аяусыз өлтірді